2023 жылдың сәуірінде Қазақстанда бизнес несиелері 2,8%-ға өсті, деп хабарлайды Qazaqpress Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанда бизнеске берілген несиелер сәуірде 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 308 млрд теңгеге немесе 2,7%-ға ұлғайып, 11,8 трлн теңгеге жетті», – делінген реттеушінің ресми сайтында жарияланған ҚР Ұлттық банкінің есебінде.
Сәуірде қазақстандықтарға берілген несиелер 260 млрд теңгеге немесе 1,9%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгеге жетті.
Құжатқа сәйкес, банктердің экономикаға берген несиелері жалпы алғанда 569 млрд теңгеге немесе 2,3%-ға өсіп, 27,6 трлн теңгеге жетті.
Сурет көзі: pixabay.com
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз