---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/25/arysta-qyz-zorlady-degen-kuedikti-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Арыста қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды

![Арыста қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/photo_103094.jpeg)

**Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ****Qazaqpress ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

21 мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен.

> «Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні «ізін суытпай» сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты», — делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

> «Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-05-25T05:22:46+06:00

Жаңартылды: 2023-05-25T05:22:46+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/25/arysta-qyz-zorlady-degen-kuedikti-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.