«Қызылорда облысының полиция басқармасының қызметкерлері Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының өкілдерімен бірлесіп, рейд барысында заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Арал теңізі аумағындағы тыйым салынған аумақта заңсыз балық аулаған облыстың 40 және 33 жастағы екі тұрғыны ұсталды», — делінген хабарламада.
Айғақты зат ретінде олардан 130 келі балық, пайдалануға тыйым салынған үш ау, қайық пен борт моторы тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Заңсыз балық аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото дереккөзі: Polisia.kz