---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/24/singapwr-zhambyl-oblysynda-quramynda-fosfory-bar-tyngajtqyshtar-shygharatyn-zawyt-salghysy-keledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сингапур Жамбыл облысында құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар шығаратын зауыт салғысы келеді

![Сингапур Жамбыл облысында құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар шығаратын зауыт салғысы келеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/snimok-ekrana-2023_05_22-v-21.23.10.png)

**Сингапур Жамбыл облысында құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар шығаратын зауыт салғысы келеді, деп хабарлайды Qazaqpress әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен компания өкілі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», — делінген хабарламада.

Кәсіпорын облыста құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 250 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобалық қуаты – 150 мың тонна түйіршіктелген суперфосфат. Жоба 800 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

---

Жарияланды: 2023-05-24T04:37:05+06:00

Жаңартылды: 2023-05-24T04:37:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/24/singapwr-zhambyl-oblysynda-quramynda-fosfory-bar-tyngajtqyshtar-shygharatyn-zawyt-salghysy-keledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.