---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/24/qazaqkoncertte-ulttyq-oener-ortalyghy-quryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақконцертте» ұлттық өнер орталығы құрылды

![«Қазақконцертте» ұлттық өнер орталығы құрылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/snimok-ekrana-2023_05_23-v-13.26.31.png)

**«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының жанынан «Халық қазына» ұлттық өнер орталығы құрылды, деп хабарлайды Qazaqpress Мәдениет және спорт министріне сілтеме жасап.**

*«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының жанынан ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді республикалық деңгейде насихаттауға бағытталған «Халық қазына» ұлттық өнер орталығы құрылды», — деп жазды министр Оралов әлеуметтік желіде.*

Сондай-ақ ол «Ұмай» ұлттық сыйлығының жыл сайын беріліп тұратынын атап өтті.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары: концерттік іс-шараларды өткізу, республикалық және халықаралық ауқымдағы мәдени жобаларды жүзеге асыру (өнер байқаулары, музыкалық-этнографиялық көрмелер және т.б.), ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау сабақтары, шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізу (онлайн және офлайн форматтары) ), тұрғындардан жиналған аудио-бейне жазбаларды, әндер мен күйлер жинақтарын шығару, Қазақстан бойынша және шетелдерге гастрольдік сапарлар.

---

Жарияланды: 2023-05-24T08:16:19+06:00

Жаңартылды: 2023-05-24T08:16:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/24/qazaqkoncertte-ulttyq-oener-ortalyghy-quryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.