«Батыс Қазақстан облысында «Life» және «Гермес» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді АФМ аумақтық департаменті жүргізіп жатыр. Ұйымдастырушылар жеке тұлғалардан қаражат тарта отырып, 24%-дан 54%-ға дейін табыс алуға уәде берді. Азаматтардың тартылған қаражатының көлемі 120 миллион теңгеден астам.Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, соттың рұқсатымен екі ай мерзімге қамауға алынды», — делінген хабарламада.
AFM мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фотосурет көзі: ашық көздерден алынған фото.