---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/23/qonaevta-birneshe-urlyqqa-qatysy-bar-kuediktiler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қонаевта бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

![Қонаевта бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/photo_112819.jpeg)

**Қонаевтың полицейлері облыс орталығының аумағында және көрші облыста бірқатар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

7 сәуір Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.

> — Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады. Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді. 1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды. Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр, — делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-05-23T04:46:23+06:00

Жаңартылды: 2023-05-23T04:46:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/23/qonaevta-birneshe-urlyqqa-qatysy-bar-kuediktiler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.