«2022 жылы ЕО елдерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі (…) 23%-ға дерлік артып, 12,5 млрд долларды құрады», — делінген сейсенбідегі баяндамада.
Ақпаратқа сәйкес, бүгінде Қазақстан экономикасында еуропалық капиталдың қатысуымен Shell, Eni, Total, Air Liquide, Alstom, Siemens, Linde Group сияқты 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.