---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/15/ulttyq-qawipsizdik-twraly-zangdargha-oezgerister-engizilmek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға өзгерістер енгізілмек

![Ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға өзгерістер енгізілмек](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/photo_112563.jpeg)

**Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, заң жобасының мақсаты — ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Заң жобасы екі кодекс пен 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

> — Әскери-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын стратегиялық объектілерге жатқызу және қорғаныс және қауіпсіздік қажеттіліктері үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға көмектесетін нормаларды енгізу көзделеді, — делінген заң жобасының қорытындысында.

Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін мемлекеттік шекара объектілерін салу, жайластыру және олардың жұмыс істеуі және қорғаныс мұқтаждары үшін босалқы жерлерге ауыстыру мүмкіндігі беріледі.

> — Заң жобасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарына жеке құрамды патриоттық, адамгершілік-рухани тәрбиелеуге және ұлттық қауіпсіздік органдарында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру жүктелген. Ұлттық қауіпсіздік органдарына тәртіп стандартын және шекара қызметінің әскери қызметшісінің шекаралық бақылау кезінде мінез-құлық стандартын енгізу ұсынылды, — деді депутат.

Айта кетейік, заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған.

---

Жарияланды: 2023-05-15T06:08:01+06:00

Жаңартылды: 2023-05-15T06:08:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/15/ulttyq-qawipsizdik-twraly-zangdargha-oezgerister-engizilmek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.