---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/12/memleketke-760-mlrd-tengge-qarazhat-qajtaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды

![Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/1681980898774.jpg)

**ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елге қайтарылған қаражат сомасын атады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды», — деді Берік Асылов Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында.

Бас прокурордың айтуы бойынша, қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар атқарып жатыр.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр. Бұл активтер Лихтенштейн, Аустрия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келуде.

---

Жарияланды: 2023-05-12T05:46:26+06:00

Жаңартылды: 2023-05-12T05:46:26+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/12/memleketke-760-mlrd-tengge-qarazhat-qajtaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.