---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/10/almaty-oblysynda-aekesi-men-toert-balasy-belgisiz-zattan-wlanyp-qaza-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды

![Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/photo_325639.jpeg)

**Алматы облысында көпбалалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Қайғылы оқиға 4 мамырда Көліащы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көліащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам (екі ересек және төрт бала) алдын ала белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

> — Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылының Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде. Алдын ала себеп — белгісіз заттан улану, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-05-10T05:55:50+06:00

Жаңартылды: 2023-05-10T05:55:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/10/almaty-oblysynda-aekesi-men-toert-balasy-belgisiz-zattan-wlanyp-qaza-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.