---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/10/aelem-chempionatynyng-shirek-finalynda-qazaqstandyqtar-kimdermen-zhudyryqtasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады

![Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/b7269f1fe100e80ea1ef32fa28b0b30f-1.jpg)

**Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Елорда уақытымен сағат 15:00- де басталатын күндізгі сессияда А рингі үшінші жұпта Серик Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортамен шықса, сегізінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) француз Макан Траоремен қолғап түйістірсе, Б рингінде оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен кездеседі.

Ал, сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда Б рингінде алғашқы жекпе-жек Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратаке арасында өткізілсе, А рингінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.

---

Жарияланды: 2023-05-10T06:47:36+06:00

Жаңартылды: 2023-05-10T06:47:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/10/aelem-chempionatynyng-shirek-finalynda-qazaqstandyqtar-kimdermen-zhudyryqtasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.