---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/09/zhaenibek-aelimhanulynyng-titwldyq-zhekpe-zhegi-tikelej-efirden-koersetiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

![Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/162_0c755ec8a45446123015e5c1a794bfd3.jpg)

**Жексенбі, 14 мамырда таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Qazaqpress Sports.kz порталына сілтеме жасап.**

Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде Хабар телеарнасынан көре алады.

Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген: ол британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жекпе-жекте жеңімпаз атанған.

---

Жарияланды: 2023-05-09T06:32:37+06:00

Жаңартылды: 2023-05-09T06:32:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/09/zhaenibek-aelimhanulynyng-titwldyq-zhekpe-zhegi-tikelej-efirden-koersetiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.