---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/09/toqaev-rzhevtegi-sovet-soldatyna-arnalghan-memorialgha-bardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға барды

![Тоқаев Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға барды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/1683562460_dsc_0741_2-scaled.jpg)

**Мемлекет басшысы Тверь облысына жасаған сапары аясында Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Президент құрмет қарауылымен бірге ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Биіктігі шамамен 25 метр болатын қоладан құйылған солдат мүсіні он метрлік қорған төбенің басына орнатылған. Құрыш қабырғаларда Отан қорғаушы жауынгерлердің есімдері жазылған.

Ржев шайқасы – қанды қырғын болған ең сұрапыл соғыстың бірі. Кеңес әскері бұл жерде, із-түзсіз жоғалғандар мен жараланғандарды қоса алғанда, 1,3 миллионнан астам  адамынан айырылды.

---

Жарияланды: 2023-05-09T06:37:40+06:00

Жаңартылды: 2023-05-09T06:37:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/09/toqaev-rzhevtegi-sovet-soldatyna-arnalghan-memorialgha-bardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.