---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/08/mangghystaw-oblysynda-naeresteni-satw-kezinde-eki-aejel-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды

![Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/inshot-20230508-102439100.jpg)

**Маңғыстаулық полицейлер шақалақты сату кезінде екі әйелді ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.**

> «4 мамыр күні сағат 13.00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған нәресте үшін ақша алу кезінде 35 жастағы күдікті әйелді ұстады.
> 
> 
> 
> 
> Полция қызметкерлері, сондай-ақ қолына нәресте тапсырылған 38 жастағы күдікті әйелді құрықтады.
> 
> 
> 
> 
> Шақалақ сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылды.
> 
> 
> 
> 
> Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», — делінген мәліметте.

---

Жарияланды: 2023-05-08T07:50:10+06:00

Жаңартылды: 2023-05-08T07:50:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/08/mangghystaw-oblysynda-naeresteni-satw-kezinde-eki-aejel-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.