---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/05/qazaqstanda-1-shildeden-bastap-temeki-qymbattajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

![Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/2023_05_04_edef0cf8-d78b-481a-96ec-29150c1e16bd.jpeg)

**1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қаржы министрінің бұйырық-жобасында жазылған, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллалар мен қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
> 
> 
> 
> 
> — 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 710 теңге;
> 
> 
> 
> 
> — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін», — делінген бұйырық-жобасында.

Министрлік түсіндірмесіне сай, темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағаларының өсуіне мыналар себеп:

— 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14% көтерілді;

— импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% өсті;

— темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенді;

— 2022 жылы инфляция 20,3% құрады.

Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

---

Жарияланды: 2023-05-05T05:38:48+06:00

Жаңартылды: 2023-05-05T05:38:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/05/qazaqstanda-1-shildeden-bastap-temeki-qymbattajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.