Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар мен сыныптық шендерді тапсырды

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
5 мая, 2023
Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар мен сыныптық шендерді тапсырды

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтап, жыл сайын қатар атап өтілетін қос мереке Отан үшін от кешкен аға буын мен егемен елдің сарбаздары арасындағы сабақтастықты білдіретініне назар аударды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

– Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Сондай-ақ өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті. Қазақстан – бейбіт мемлекет. Біз барлық елдермен достық қатынас орнаттық. Мемлекеттер арасындағы кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Барлық жағдайға сақадай сай болуымыз айрықша маңызды. Еліміздің қорғаныс  және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейту, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету еліміздің мызғымас басымдықтары екенін атап өтті.

– Мемлекет күштік құрылымдарға көрсетілетін қолдауды дәйекті түрде кеңейтіп келеді. Инфрақұрылым, материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау мәселелері кезең-кезеңмен жақсарып, еңбекақы мен әлеуметтік жеңілдіктер артып келеді. Әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, күштік құрылымдардың ардагерлері әрдайым мемлекеттің көмегі мен қамқорлығына сенуіне болады. Отан қорғау – әрбір азамат үшін биік мәртебе. Сондай-ақ бұл – туған елдің, болашақ ұрпақтың алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздер еліміздегі бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Өз ісінің нағыз шебері атанып, мінсіз қызмет атқарып келесіздер. Ортамызда антына адал болып, ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тіккен бейбіт күннің батырлары бар. Олардың ерлігі, шын мәнінде, барша халыққа, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін қорытындылай келе, ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғауға атсалысып жүрген барша азаматқа алғыс айтты.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы ерлігімен және еңбегімен дара шыққан бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды.

– Құрметті офицерлер мен сарбаздар! Марапаттарыңыз бен атақ-шендеріңіз  құтты болсын! Антқа адал болып, мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін қызмет етейік. Бұл  – парыз әрі  зор мәртебе, – деді  Президент сөзінің соңында.

Мемлекет басшысының қолынан әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен алған офицерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Отан қорғаушы күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталған тұлғалар тізімі

I дәрежелі «Даңқ» орденімен

Buy JNews
ADVERTISEMENT
Құсайынов Марат Рақымұлы   –  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы;

II дәрежелі «Даңқ» орденімен

Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы   –  Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің бастығы
Үштаев Қуанышбек Өскенбайұлы   –  Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы
Шалабаев Серік Рысқалиұлы   –  Батыс Қазақстан облысының прокуроры;

I дәрежелі «Айбын» орденімен

Оразалиев Арман Молдиярұлы   –  Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары;

II дәрежелі «Айбын» орденімен

Әбдіханов Қуат Аманбекұлы   –  Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің департамент басшысы
Әбдібаев Жандос Нарымбетұлы   –  Алматы қаласы прокурорының орынбасары
Басшыбаев Мадияр Бекенұлы   –  Жетісу облысының прокуроры
Дербішев Мұрат Ақынбекұлы   –  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызметі директорының орынбасары
Жұматаев Тайыр Қайырұлы   –  Қорғаныс министрлігі 97616 әскери бөлімінің командирі
Ибраева Сәния Хамидқызы   –  Мемлекеттік күзет қызметінің қызмет бастығы
Қожықов Серік Елібайұлы   –  Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкінің басқарма бастығы
Нұранов Миржан Қайратұлы   –  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары
Нұркельдиев Дастан Смағұлұлы   –  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқарма бастығының орынбасары
Омаров Асхат Нұрболұлы   –  Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы
Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы   –  Астана қаласының прокуроры
Рудковский Денис Иосифович   –  Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары
Тойшыбеков Асқар Тасболатұлы   –  Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

III дәрежелі «Айбын» орденімен

Кембаев Әділет Ерікұлы   –  Ішкі істер министрлігінің «Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ взвод командирінің көмекшісі;

«Құрмет» орденімен

Дүйсекова Әлия Абайқызы   –  Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары
Омаров Ғалымжан Жұмаханұлы   –  Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталі бастығының орынбасары;

«Ерлігі үшін» медалімен

Байғонақов Азамат Сайранұлы   –  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5510 әскери бөлімінің штаб бастығы – жасақ командирінің орынбасары
Дәуренқұлов Әділ Еркінұлы   –  Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі – құтқарушысы
Ысқақов Ермек Ержанұлы   –  Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Абзалиев Олжас Қайратпекұлы  –  Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
Дүйсенова Раушан Болатқы  –  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы
Қалқұзов Ербол Өтегенұлы  –  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  басқарма бастығы
Қонысбаев Алмас

Құдайбергенұлы

 –  Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны мергендер взводының командирі
Нұғыманов Бақытжан Зейноллаұлы   –  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
Омаров Жеңіс Омарұлы   –  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері
Снадинов Айдос Шынбайұлы  –  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басқарма бастығының орынбасары.
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы ҰОС емханасында күндізгі стационардың жаңартылған корпусының салтанатты ашылуы өтті

Келесі жаңалық

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 65 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасы имплантталды (LVAD)

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Категориясыз

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті

8 марта, 2026
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды
Категориясыз

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ

7 марта, 2026
ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН  АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ  МАРАПАТ  САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Категориясыз

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

6 марта, 2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды
Категориясыз

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

6 марта, 2026
Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу
Категориясыз

Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу

6 марта, 2026
Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Категориясыз

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

6 марта, 2026
Келесі жаңалық
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 65 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасы имплантталды (LVAD)

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 65 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасы имплантталды (LVAD)

Мемлекет басшысы ҰОС ардагерлеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

Мемлекет басшысы ҰОС ардагерлеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ыңғайсыз кідіріс. Көлгінов үкімет отырысында қалай «үнсіз қалды»

Ыңғайсыз кідіріс. Көлгінов үкімет отырысында қалай «үнсіз қалды»

11 марта, 2021
Алматы облысының Шонжы ауылы карантинге жабылды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 726 адам жұқтырған

30 декабря, 2020
Алматыда дүкенге қарумен шабуыл жасағандар ұсталды

Алматыда дүкенге қарумен шабуыл жасағандар ұсталды

27 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
  • КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ
  • ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.