---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/04/guelmira-satybaldygha-qatysty-sot-uekimi-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

![Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/e65cc77dad1640a4a5df40bea0cf7cc6.jpeg)

**Елордада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Іс №2 Байқоңыр аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», — деді судья Кемеңгер Имашев үкімді оқи отырып.

Судья Г. Сатыбалдыға Қылмыстық кодестің 58-бабы 3-бөлігі негізінде барынша қатаң жаза тағайындалғанын айтты.

> «Гүлмира Сатыбалдыға 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде Президентке мемлекеттік награда — «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», — делінген сот үкімінде.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады.

---

Жарияланды: 2023-05-04T05:27:27+06:00

Жаңартылды: 2023-05-04T05:27:27+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/04/guelmira-satybaldygha-qatysty-sot-uekimi-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.