---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/04/almatyda-eseptegi-sottalghandar-arasynda-shaghyn-fwtboldan-zharys-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда есептегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

![Алматыда есептегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/41ffd89a-4f69-44f2-99bd-ec75dccc52c4.jpg)

**Алматыда сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Жуырда Алматы қаласы Наурызбай аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.

> – Сотталғандар арасында түрлі спорттық ойындар мен қоғамға пайдалы іс-шаралар өткізудің өзіндік зор маңызы бар. Біріншіден, мұндай іс-шаралар олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Өйткені сотталғандардың көбісі – ішімдіктің салдарынан қылмыс жасағандар. Екіншіден, пробация есебінде тұрғандардың қайталап қылмыс жасамауларына, керісінше спортпен айналысып, адал өмір сүруге үндейді, – дейді Алматы қаласы Наурызбай аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айдос Қазыбаев.

Шағын футболдан өткен жарысқа бес команда қатысып, жеңімпаз команда мен ойын барысында белсенділік танытқан ойыншылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

---

Жарияланды: 2023-05-04T05:33:45+06:00

Жаңартылды: 2023-05-04T05:33:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/04/almatyda-eseptegi-sottalghandar-arasynda-shaghyn-fwtboldan-zharys-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.