Алматыда есептегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Алматыда есептегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Алматыда сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жуырда Алматы қаласы Наурызбай аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.

– Сотталғандар арасында түрлі спорттық ойындар мен қоғамға пайдалы іс-шаралар өткізудің өзіндік зор маңызы бар. Біріншіден, мұндай іс-шаралар олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Өйткені сотталғандардың көбісі – ішімдіктің салдарынан қылмыс жасағандар. Екіншіден, пробация есебінде тұрғандардың қайталап қылмыс жасамауларына, керісінше спортпен айналысып, адал өмір сүруге үндейді, – дейді Алматы қаласы Наурызбай аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айдос Қазыбаев.

Шағын футболдан өткен жарысқа бес команда қатысып, жеңімпаз команда мен ойын барысында белсенділік танытқан ойыншылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.