---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/03/air-astana-zhazghy-kwrorttyq-marshrwttar-bojynsha-ushwdy-qajta-bastajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana жазғы курорттық маршруттар бойынша ұшуды қайта бастайды

![Air Astana жазғы курорттық маршруттар бойынша ұшуды қайта бастайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/40b1fa3f-b4ca-47f3-9142-a2e6ac6f9344.jpeg)

**Air Astana әуекомпаниясы Ираклион (Греция), Бодрум (Түркия), Батуми (Аджария) және Подгорицаға (Черногория) маусымдық жазғы бағыттарды жандандырады.**

Airbus A320 ұшатын Батумиге ұшуды қоспағанда, барлық рейстер Airbus A321LR ұзақ қашықтықтағы әуе кемесімен орындалады.

Грекияның Крит аралына Ираклионға рейстер Алматыдан аптасына 4 рет 1 маусымнан бастап орындалады. Ираклионға ұшу ұзақтығы 6,5 сағатты құрайды, қайтарда ұшу ұзақтығы бір сағатқа қысқа.  

Эконом-кластағы билеттердің құны 307 000 теңгеден*, бизнес-класта – 727 000 теңгеден басталады.

Алматыдан Бодрумға рейстер 2 маусымнан бастап аптасына 3 рет орындалатын болады. Ол жаққа ұшу ұзақтығы 6 сағат, қайтар рейс жарты сағатқа қысқа. Эконом-кластағы билеттердің құны – 241 000, бизнес – кластағы билеттердің құны 652 000 теңгеден басталады.

Алматыдан Подгорицаға рейстер 3 маусымнан, ал Астанадан 7 маусымнан бастап аптасына 3 рет қатынайды. Алматыдан рейстің ұзақтығы – 6 сағат 55 минут, кері – бір сағатқа қысқа; Астанадан – 6 сағат 25 минут, кері – 50 минутқа қысқа. Алматы мен Астанадан билеттер эконом-класта 280 500 және 279 500 теңгеден, бизнес-класта тиісінше 820 500 және 819 500 теңгеден басталады.

Алматыдан Батумиге рейстер 6 маусымнан бастап аптасына 5 рет қатынайды, ұшу ұзақтығы 4,5 сағат, кері-3 сағат 50 минут. Билеттер эконом-класта 148 000 теңгеден, бизнес-класта 315 475 теңгеден басталады.

Демалыс маусымының басталуына байланысты жолаушылардан рейске ұшудан кемінде 2 сағат бұрын келуін сұраймыз. Кезектерді болдырмау үшін рейске авиакомпанияның сайты немесе қосымшасы арқылы, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектері арқылы онлайн-тіркеуден өту ұсынылады. Онлайн тіркелу 36 сағат бұрын ашылады және кесте бойынша ұшудан бір сағат бұрын жабылады.

*бағалар сервистік алымды қоспағанда барлық алымдармен қоса көрсетілген

---

Жарияланды: 2023-05-03T09:20:34+06:00

Жаңартылды: 2023-05-03T09:20:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/03/air-astana-zhazghy-kwrorttyq-marshrwttar-bojynsha-ushwdy-qajta-bastajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.