---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/02/oralda-avtobws-qaghyp-ketken-58-zhastaghy-aejel-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды

![Оралда автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/230501174028653e.webp)

**Орал қаласында автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 мамыр күні түсте болды.

> «Шамамен сағат 13.00-де 1970 жылғы жүргізуші №19 бағытпен жүретін автобуспен келе жатып, Құрманғазы көшесіндегі «Бибігүл» кафесі тұсындағы аялдамада «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Содан рульге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

---

Жарияланды: 2023-05-02T04:19:03+06:00

Жаңартылды: 2023-05-02T04:19:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/02/oralda-avtobws-qaghyp-ketken-58-zhastaghy-aejel-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.