---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/02/antikor-toeraghasynyng-orynbasary-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Антикор төрағасының орынбасары тағайындалды

![Антикор төрағасының орынбасары тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/photo_112187.jpeg)

**Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Дархан Құрақбаев 1983 жылы туған.

2000 – 2004 ж.ж. – Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы (курсанты).

2004 – 2006 ж.ж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Есіл аумағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің анықтаушысы, тергеушісі.

2006 – 2008 ж.ж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының аға тергеушісі.

2008 – 2014 ж.ж. – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеушісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.

2014 – 2017 ж.ж. – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша тергеушісі, тергеу басқармасы басшысының орынбасары.

2017 – 2021 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша).

2021 – 2022 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы департаментінің басшысы.

2022 жылғы 11 қазаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы.

---

Жарияланды: 2023-05-02T04:21:54+06:00

Жаңартылды: 2023-05-02T04:21:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/02/antikor-toeraghasynyng-orynbasary-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.