---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/01/toqaev-mirzieevpen-telefon-arqyly-soejlesti-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

![Тоқаев Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/mirziyoyev-wide_mediumthumb.png)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атап өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады.

Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ президенттер алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

---

Жарияланды: 2023-05-01T09:50:59+06:00

Жаңартылды: 2023-05-01T09:50:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/01/toqaev-mirzieevpen-telefon-arqyly-soejlesti-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.