---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/01/taldyqorghanda-qarw-zharaq-pen-oq-daeri-saqtalghan-qojma-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

![Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/photo_112167.jpeg)

**Талдықорғанның маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Polisia.kz мәліметінше, 29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған қойманы анықтады.

> — Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды, — деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Қару-жарақ тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

---

Жарияланды: 2023-05-01T06:06:44+06:00

Жаңартылды: 2023-05-01T06:06:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/01/taldyqorghanda-qarw-zharaq-pen-oq-daeri-saqtalghan-qojma-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.