Алматыда ҚР ҰҚК Академиясының курсанты суицид жасады

Алматыда ҚР ҰҚК Академиясының курсанты суицид жасады
2023 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Академия жатақханасында 3-оқу жылы курсантының денесі табылды.

— Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады? — деп мәлім етті ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Комитет өкілдері марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.