---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/27/zenkaev-burynghy-suejiktisi-erke-men-raimnyng-uejlenwin-qalaj-qabyldaghanyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Зенкаев бұрынғы сүйіктісі Ерке мен Раимның үйленуін қалай қабылдағанын айтты

![Зенкаев бұрынғы сүйіктісі Ерке мен Раимның үйленуін қалай қабылдағанын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/70eae10c1b4da8a0.jpeg)

**Ninety one тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаев «Алғашқы» бағдарламасында алғаш рет бұрынғы сүйіктісі Ерке Есмаханға қатысты сұхбат берді. Әнші Ерке Есмахан мен Раимның неке қидырғанын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған «Раим мен Еркенің бақытты болуын қалай қабылдадың?», — деп сұрады Азамат Зенкаевтан.

> «Бақытты болсын деп. Жақсы болсын бәрі. Күшті болсын деп қабылдадым. Өте күшті қабылдадым.
> 
> 
> 
> 
> Жо-жоқ… Ол нәрсені ойлап, мұңға батуға уақыт жоқ. Менде басқа қырлары жетіп жатыр ғой. Бәрі айтады. Маған хабарласып, «бірдеңе, қалайсың» деген әңгіме айтады. Мен «Қудыртпаңдарш, қойыңдаршы. Бастарың істемей ме? Не айтып жатсыңдар?» деймін.
> 
> 
> 
> 
> Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өз өмірін сүреді. Әр адам өзі біледі деген сияқты. Сол себептен бәрі жақсы болса, ең бастысы бақытты болса болды. Бір-бірін тауып жақсы болса, мен қуанамын. Біреудің қуанышына неге қуанбасқа? Баянды, өмір бақи болғанын қалаймын, — деді Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі.

---

Жарияланды: 2023-04-27T07:17:11+06:00

Жаңартылды: 2023-04-27T07:17:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/27/zenkaev-burynghy-suejiktisi-erke-men-raimnyng-uejlenwin-qalaj-qabyldaghanyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.