---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/27/general-kuedebaev-ustalyp-qazaqstangha-zhetkizildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

![Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/74f92d878d393c0a.jpeg)

**Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: «Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?» деп сұраған еді.

«Иә», — деп жауап берді Бас прокурор.

Сонымен қатар ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты.

Еске салсақ, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Алайда, күдіктінің ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі наурыздың 27-і күні бір-ақ білген.

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

---

Жарияланды: 2023-04-27T04:59:05+06:00

Жаңартылды: 2023-04-27T04:59:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/27/general-kuedebaev-ustalyp-qazaqstangha-zhetkizildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.