---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/24/tuerkistan-oblysynda-zhol-apatynan-3-adam-qaza-tapty-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

![Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/a113bd9f93fd46cd959f0df30e6e00e5.jpeg)

**Түркістан облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды****Qazaqpress** **P****olisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Жол апаты Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында болған. Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды.

Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталып жатыр.

> «Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады» — дейді Отырар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медет Бөрібеков.

---

Жарияланды: 2023-04-24T01:22:15+06:00

Жаңартылды: 2023-04-24T01:22:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/24/tuerkistan-oblysynda-zhol-apatynan-3-adam-qaza-tapty-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.