---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/21/salyq-organy-kaesipkerge-licenziya-berwden-negizsiz-bas-tartqan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Салық органы кәсіпкерге лицензия беруден негізсіз бас тартқан

![Салық органы кәсіпкерге лицензия беруден негізсіз бас тартқан](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/zakupivli-750x501-1.jpg)

**Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне кәсіпкер салық органдарының негізсіз әрекеттері туралы мәселе бойынша хабарласты.**

Кәсіпкердің алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін бірнеше рет өтініш бергені анықталды.

Алайда, уәкілетті орган тарапынан құжаттардың толық еместігін көрсететін бас тартулар болды.

Белгілі болғандай, кәсіпкер өтініштерге барлық қажетті құжаттарды тіркеген, осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы салық органына заңнама аясында шара қолдану үшін хат жолдаған.

Бүгінгі күні кәсіпкердің құқығы қорғалды, лицензия берілді.

---

Жарияланды: 2023-04-21T12:54:32+06:00

Жаңартылды: 2023-04-21T12:54:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/21/salyq-organy-kaesipkerge-licenziya-berwden-negizsiz-bas-tartqan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.