Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Риддер қалалық порталына сілтеме жасап.

— Бүгін қаламыздың әкімі Горьковой Дмитрий Анатольевич мезгілсіз дүниеден өтті. Оның жүрегі тоқтап, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, — деп хабарлайды басылым.

Айта кетсек, Горьковой 2020 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін Риддер қаласының әкімі қызметін атқарған.