---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/20/talghat-momyshev-ulttyq-akkredittew-ortalyghyna-basshy-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талғат Момышев Ұлттық аккредиттеу орталығына басшы болып тағайындалды

![Талғат Момышев Ұлттық аккредиттеу орталығына басшы болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/img-6176.jpg)

**Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры болып Талғат Момышев тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Талғат Амангелдіұлы Көкшетау облысы Щучье қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығында бөлім бастығы, директордың орынбасары;

2000-2003 жылдары — «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры;

2003-2005 жылдары — «Казсертико» РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік бөлімінің бастығы;

2005-2010 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;

2010-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, кейін ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;

2017-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы, Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.

---

Жарияланды: 2023-04-20T10:28:19+06:00

Жаңартылды: 2023-04-20T10:28:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/20/talghat-momyshev-ulttyq-akkredittew-ortalyghyna-basshy-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.