---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/20/qyzylorda-oblysynda-zangsyz-balyq-awlawdyng-66-deregi-tirkeldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың 66 дерегі тіркелді

![Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың 66 дерегі тіркелді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/d0cc1d42-b6fe-49d7-a556-acffb066b60b.jpg)

**Қызылордалық полицейлер «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулаудың 66 дерегін анықтады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Сырдария өзенінде 1 сәуірден 31 мамыр аралығында және барлық су айдындарында 20 сәуірден 10 маусым аралығында, сондай-ақ Кіші арал теңізінде 1 мамырдан 10 маусым аралығында Қызылорда облысының аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезені жүргізіледі. Іс-шараның 19 күнінде заңсыз балық аулағаны үшін ҚР ҚК-нің 335-бабымен бір қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен заңсыз балық аулаудың 66 дерегі анықталып, жеке тұлғаларға қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

> – Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық – жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынатынын ескертеміз, – деді полицейлер.

---

Жарияланды: 2023-04-20T02:07:45+06:00

Жаңартылды: 2023-04-20T02:07:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/20/qyzylorda-oblysynda-zangsyz-balyq-awlawdyng-66-deregi-tirkeldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.