---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/18/birzhynystylyqty-nasihattaw-ashyq-zhuerip-zhatyr-tosqawyl-nege-qojylmajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр &#8212; тосқауыл неге қойылмайды?

![Біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр &#8212; тосқауыл неге қойылмайды?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/1.jpg)

**ЛГБТ насихатын тоқтатпасақ «Еркек еркекке, әйел әйелге үйленетін заман келе жатыр» дейді пресс конференцияға қатысушылар.**

Әсірефеминизм астыртын келген жаумен тең дейді жиынға қатысушылар.

«ЛГБТ, феминизм қозғалысы — қой терісін жамылған қасқыр іспетті дейді», — Б. Балтаева. РҚБ «Қазақстандық Ата-Аналар одағы» Балтабаева Багиланың ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті.

Соңғы жылдары еліміздің бас қалалары Астана мен Алматыда феминисттік ұйымдар шеру мен минитингтерді өткізіп жүр.

Әкімшіліктен рұқсатты әйел құқығы, бала құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбымен алып, бірақ іс жүзінде түрлі түсті жалауды жамылып, жас жеткіншектерді жинап, астыртын лгбт ұйымын насихаттайды. Осы тақырып жөнінде сөз қозғалып, зиялы қауым өкілдерімен пресс-конференция өтті.

«Феминисттік ұйымдардың жылда 8 наурызда өткізетін митингтерінің көздегені не?» деген өзекті мәселе көтерілді.

Жиынға блогерлер мен журналистер қатысты. Марат Тоқашбаев, Әмір Мәуленов, Айдос Оразай,т.б зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Марат Тоқашбаев, журналист, Жазушылар одағының мүшесі:

> — Осы мәселемен мен 7-8 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Әлеуметтік желіде талай мақала жазып, посттар шығарып жүрдік. Мұның бәрі жас ұрпаққа әсер етпей қоймайды. Дүниежүзінде ғалымдардың зерттеуінше, табиғи ауытқушылығы басым болып, әйелдерде еркектің, еркекте әйелдің гармондары басым дертке ұшыраған адамдардың саны небәрі 4-5% болады екен. Ал қалған жағдайларда іс жүзінде зорлық-зомбылықтың нәтижесі. Бүкіл дүниежүзіндегі лгбт қауымдастығының ұстанып отырған саясатының ешқандай тарихи мән-маңызы жоқ. Бар мақсаты — адам баласын жою. Ер мен әйелден жаңа ұрпақ, жаңа буын пайда болады. Ал біржыныстылардың әрекетінде тән рахатынан басқа ештеңе жоқ. Дінімізге де қарсы нәрсе.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/04/3-300x225.jpg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/04/2-300x225.jpg)

---

Жарияланды: 2023-04-18T10:13:05+06:00

Жаңартылды: 2023-04-18T10:13:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/18/birzhynystylyqty-nasihattaw-ashyq-zhuerip-zhatyr-tosqawyl-nege-qojylmajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.