---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/18/bas-aeskeri-prokwratwra-daewlet-turlyhanovtyng-ulynyng-isine-qatysty-tuesinik-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді

![Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/642c7f0fae38a536798542.jpeg)

**Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған», — деді М. Қазиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер оның кінәсі дәлелденсе, қандай шешім шығуы мүмкін екенін сұрады.

> «Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады», — деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

---

Жарияланды: 2023-04-18T08:31:58+06:00

Жаңартылды: 2023-04-18T08:31:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/18/bas-aeskeri-prokwratwra-daewlet-turlyhanovtyng-ulynyng-isine-qatysty-tuesinik-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.