---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/17/zhangaoezendegi-zharylys-gaz-ballonynan-shyqqan-zhoq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жаңаөзендегі жарылыс газ баллонынан шыққан жоқ

![Жаңаөзендегі жарылыс газ баллонынан шыққан жоқ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/bc3f6f1b6a4f47e3a4932f1debcf23b8.jpeg)

**Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңаөзендегі жарылыстың газ баллонынан болғанын теріске шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Бүгін таңғы бестер шамасында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында №2 мөлтекаудандағы екі подъезді, қосқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Қазір оның себептері анықталып жатыр. Бастапқыда апат себебі — газ баллоны деп берілген болатын. Бірақ кейін ол тұрғын үйде газ жүйесі жүргізілгені мәлім болды», — деді өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі брифингтен кейін комитет басшысының айтқан дерегін растады.

> «Иә, әуелде жарылыс газ баллонынан болды деген болжам тараған. Кейін ол үйге газ тартылғаны белгілі болды. Жарылыс табиғи газдан келді деген нұсқа қаралып жатыр. Яғни, газ құбырынан ақау шыққан болуы мүмкін», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегі мамандар.

---

Жарияланды: 2023-04-17T11:02:09+06:00

Жаңартылды: 2023-04-17T11:02:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/17/zhangaoezendegi-zharylys-gaz-ballonynan-shyqqan-zhoq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.