---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/17/qaraghandyda-sawda-ornynan-kuerteshe-urlaghan-kuedikti-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағандыда сауда орнынан күртеше ұрлаған күдікті ұсталды

![Қарағандыда сауда орнынан күртеше ұрлаған күдікті ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/5f6720142f745801641123.jpg)

**Қарағандыда сауда орнынан күртеше ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз біреу манекенде тұрған әйел адамның күртешесін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы әйел ұсталды. Ол ұрланған затты басқа біреуге сатып жібергені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған күдіктінің осыған ұқсас тағы да бір қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-04-17T05:57:56+06:00

Жаңартылды: 2023-04-17T05:57:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/17/qaraghandyda-sawda-ornynan-kuerteshe-urlaghan-kuedikti-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.