Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;

Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.