---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/12/kuensulw-zakariya-ulttyq-ghylym-akademiyasynyng-prezidenti-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

![Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/1970636_875_0_4630_3755_1920x0_80_0_0_7cf5d6f175c7cabad36b9512d58a290a.jpg)

**Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын әзірлеуге қатысқан.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.

2022 жылдың 22 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалды. Оған дейін ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2023-04-12T09:02:08+06:00

Жаңартылды: 2023-04-12T09:02:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/12/kuensulw-zakariya-ulttyq-ghylym-akademiyasynyng-prezidenti-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.