Қазақстанда бір тәулікте 54 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 54 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 54 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

11 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирустан 1 819 адам (коронавирус (КВИ+) –1 636, пневмония (КВИ-) – 183) емделуде, олардың ішінде 183 пациент стационарда, 1 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 3 адамның жағдайы ауыр.