---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/11/astanada-39-sheteldik-elden-shygharyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада 39 шетелдік елден шығарылды

![Астанада 39 шетелдік елден шығарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/aqlt9elw.jpeg)

**Астанада 39 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Елорданың көшелерінде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында елорда аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полицейлер шетелдіктердің елордада болуын, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын, олардың елден уақтылы кетуін бақылайды.

Іс-шараның төрт күнінде елордалық гарнизон қызметкерлері шетелдік азаматтардың ҚР болу ережелерін бұзудың 414 фактісін анықтады. Қазақстанның 59 азаматы шетелдіктердің ҚР болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 19 азамат шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасынан 39 шетел азаматы шығарылды.

Мәселен, көші-қон қызметінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару фактісін анықтады. Сол күні Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот аталған азаматты Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеу тәртібімен шығару туралы шешім қабылдады.

---

Жарияланды: 2023-04-11T13:00:43+06:00

Жаңартылды: 2023-04-11T13:00:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/11/astanada-39-sheteldik-elden-shygharyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.