---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/10/shymkentte-koelikting-qosalqy-boelshekterin-urlaghan-kuedikti-qolgha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлаған күдікті қолға түсті

![Шымкентте көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлаған күдікті қолға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/ca58de87-1901-4563-94c5-3ceacdf47039.jpg)

**Шымкентте Атырау тұрғыны көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

14 наурызда Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында үйінің ауласында тұрған жеке өзіне тиесілі Audi С4 көлігінің 30 мың теңге тұратын қуаттағышы мен 20 мың теңгелік төрт радиаторын белгісіз адам жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып, көрсеткен.

Келтірілген шығын көлемі – 50 мың теңге.

Аталған дерек ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардан жауап алынды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 40-та, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, бұл заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Сондай-ақ өзі қолды еткен аккумуляторды көлік бөлшектерін сататын дүңгіршектердің біріне апарып, сатып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

---

Жарияланды: 2023-04-10T05:31:12+06:00

Жаңартылды: 2023-04-10T05:31:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/10/shymkentte-koelikting-qosalqy-boelshekterin-urlaghan-kuedikti-qolgha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.