---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/10/almatydaghy-tuengi-klwbta-sintetikalyq-esirtki-satqan-azamat-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы түнгі клубта синтетикалық есірткі сатқан азамат ұсталды

![Алматыдағы түнгі клубта синтетикалық есірткі сатқан азамат ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/bfia4ey0hspozo46c27p.jpg)

**Арнайы операция кезінде Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде синтетикалық есірткі сатып келген азамат ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Арнайы операция Алматының түнгі клубтарының бірінде өткізілді. Жедел уәкілдер мен полицияның арнаулы күштері ойын-сауық мекемесінде синтетикалық есірткі сатумен айналысатын есірткі сатушыны ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде күдіктіден орама тәркіленді. Оның ішінен ақ ұнтақ түріндегі синтетикалық препараттар шықты. Бұрын күдіктінің жақын маңдағы түнгі клубта ди-джей болып жұмыс істегені анықталды. Сонымен қатар, оның тонау қылмысына байланысты жазасын өтеп шыққаны белгілі болды», — деп мәлім етті министрліктің апталық брифингінде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

---

Жарияланды: 2023-04-10T07:13:17+06:00

Жаңартылды: 2023-04-10T07:13:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/10/almatydaghy-tuengi-klwbta-sintetikalyq-esirtki-satqan-azamat-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.