---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/06/bawyrzhan-tortaev-qorghanys-ministrining-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

![Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/7fdce3a792c01377337fa0b698f.webp)

**Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетсек, Бауыржан Тортаев 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1991-1995 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

1996-1997 жылдары – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;

1997-1998 жылдары – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;

1998-1999 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;

1999-2002 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002-2008 жылдары – ҚР Статситика агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;

2008-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010-2011 жылдары – ҚРЭкономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2011-2017 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2017-2019 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

---

Жарияланды: 2023-04-06T05:41:41+06:00

Жаңартылды: 2023-04-06T05:41:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/06/bawyrzhan-tortaev-qorghanys-ministrining-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.