---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/05/shekara-qyzmeti-serik-kuedebaevtyng-elden-qashyp-ketkenin-27-nawryzda-bilgen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шекара қызметі Серік Күдебаевтың елден қашып кеткенін 27 наурызда білген

![Шекара қызметі Серік Күдебаевтың елден қашып кеткенін 27 наурызда білген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/74f92d878d393c0a.jpeg)

**Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы кесіп өткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны ресми өткізу пунктері арқылы кесіп өткен жоқ. «Күдікті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп, Қырғыз еліне өтті және ол жақтан үшінші елге кетіп қалды» деген ақпараттың түсуіне байланысты шекарашылар мемлекеттік шекараны заңсыз кесуі мүмкін жерді анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа көрші ел де қосылды. Қырғыз Республикасының шекара қызметіне ресми сауал жіберілді. Меніңше, қазіргі уақытта бір нәрсе айтуға ерте. Жүргізіліп жатқан тексерудің аяқталуын күту қажет», — деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол шекара қызметі Серік Күдебаевтың елден қашын кеткенін 27 наурызда білгенін атап өтті.

---

Жарияланды: 2023-04-05T06:13:13+06:00

Жаңартылды: 2023-04-05T06:13:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/05/shekara-qyzmeti-serik-kuedebaevtyng-elden-qashyp-ketkenin-27-nawryzda-bilgen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.