---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/04/bolat-aqsholaqov-prezident-kengesshisi-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды

![Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/d6e94530b161ccd5.jpeg)

**Бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтындағы құжатта.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті.

2003-2006 жылдар аралығында — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап — AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап — «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

---

Жарияланды: 2023-04-04T08:20:40+06:00

Жаңартылды: 2023-04-04T08:20:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/04/bolat-aqsholaqov-prezident-kengesshisi-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.