---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/04/03/kuedebaevqa-halyqaralyq-izdew-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

![Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/04/photo_111236.jpeg)

**Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Еске салсақ, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.

---

Жарияланды: 2023-04-03T06:33:39+06:00

Жаңартылды: 2023-04-03T06:33:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/04/03/kuedebaevqa-halyqaralyq-izdew-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.