Доллар бағамы түсті

Доллар бағамы түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 31 наурыздағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 448,05 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 449 – 454 теңге аралығында құбылып тұр.

30 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,1 теңгеге қымбаттап, 448, 27 теңге болған.

Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448, 05 теңге.