Қазақстанда бір тәулікте 91 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 91 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 91 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

30 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 715 адам коронавирус инфекциясынан (–1 537+ және 178 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 165 пациент стационарда, 1 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.