---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/30/almaty-wrology-erekciyanyng-buzylwynyng-alghashqy-belgilerin-atap-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы урологы эрекцияның бұзылуының алғашқы белгілерін атап өтті

![Алматы урологы эрекцияның бұзылуының алғашқы белгілерін атап өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/10/9c79b94c4a3ff82d928012e9371fbeac_xl.jpg)

**№36 Қалалық емхананың уролог — дәрігері Кемелбек Абитбеков ер адамның шұғыл дәрігерге жүгінуін қажет ететін эрекцияның бұзылуының алғашқы белгілерін атап өтті.**

Осылайша, алғашқы белгі — ер адамның денсаулығының тікелей бейнесі таңертеңгі эрекцияның жоғалуы.

> «Ер адам ұйқысының қанбауы немесе шаршағанын сылтау қылуы мүмкін. Бірақ бұл физиологиялық процесс ер адамның көңіл күйі мен жағдайына қарамайды, ол оны ұстай алмайды. Эректильді дисфункцияның екінші белгісі болып несеп жолының толығымен босатылмауы»- деді Кемелбек Абитбеков.

Уролог 40 жастан кейінгі ер адамға жыл сайын маманнан тексерістен өтуді және онкоаурушаңдықты анықтау үшін жүргізілетін простатиттік тиесілі антигенге қан талдамасын алуды ұсынады. Дәл сол 40 жастан кейін организмдегі алмасу процесстері ақырын өтіп, клеткалардың регенерациясы баяулап, гормондар әлсіз шыға бастайды, сондай-ақ, жыныс мүшелерінде де өзгерістер болып потенцияның нашарлауына әкеледі. Уролог- дәрігердің айтуы бойынша, қауіп тобына кіретін немесе уролог немесе андрологта есепте тұратын адамдарға кемінде жылына екі рет профилактикалық тексерістен өтулері тиіс.

---

Жарияланды: 2023-03-30T08:55:37+06:00

Жаңартылды: 2023-03-30T08:55:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/30/almaty-wrology-erekciyanyng-buzylwynyng-alghashqy-belgilerin-atap-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.